«Экономика және басқару» кафедрасының апталығы
2025 жылдың 10 қарашасында Орталық Азия Инновациялық университетінің «Экономика және басқару» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы күні, қаржыгер және бухгалтерлер күніне арналған апталықты бастады. Апталықтың тақырыбы – «Қазақстан экономикасын дамытудағы ұлттық валютамыз – Теңгенің рөлі мен келешегі».
Іс-шара апталығы Ұлттық валютамызға арналған бейнероликтер мен стендтік көрмелердің көрсетілімімен ашылды.
Апталық аясында ашылу салтанатымен қатар, сейсенбі мен жұма аралығында келесі іс-шаралар өткізіледі:
- «ҚР ұлттық валютасы – Теңге: даму тарихы мен ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел;
- «Freedom Bank» қызметкерлерімен кездесу;
- Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы қызметкерлерімен кездесу.
Аталған іс-шаралардың маңыздылығы – бизнес бағыты бойынша білім алушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге ықпал етуінде. Осы апталықтың арқасында ОАИУ білім алушыларының бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына мүмкіндік жасалады.
