Хабарландыру

«Қазақстан экономикасын дамытуда ұлттық валютамыз – Теңгенің рөлі мен келешегі» апталығы

ҚР ұлттық валютасы және қаржыгер, бухгалтерлер күніне орай 2025 жылғы 10–14 қараша аралығында «Экономика және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен білім апталығы өткізіледі.

Мақсаты: студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, ұлттық валютаның тарихы мен маңызын таныту, экономикалық білімге қызығушылығын дамыту.

Апталық бағдарламасы

  • 10 қараша (Дүйсенбі): Ашылу және бағдарлама таныстырылымы.
  • 11 қараша (Сейсенбі): Дөңгелек үстел – «ҚР ұлттық валютасы: тарихы мен ерекшеліктері».
  • 12 қараша (Сәрсенбі): «Freedom Bank» қызметкерлерімен кездесу.
  • 13 қараша (Бейсенбі): ҚР Ұлттық статистика бюросы өкілдерімен кездесу.
  • 14 қараша (Жұма): Жабылу және қорытындылау.

Өтетін орны: Орталық Азия Инновациялық Университеті, Шымкент қ.
Ұйымдастырушы: «Экономика және басқару» кафедрасы.

Share this Post