Білім беру саласындағы үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазын құттықтаймыз

Орталық Азия Инновациялық университетінің «Жаратылыстану-ғылыми» факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Абишов Мухтар Сайлаубаевич Астана қаласында өткен білім беру саласындағы жаңашылдықты дамыту, педагогтің қоғамдағы мәртебесін арттыру және озық тәжірибені кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Білім беру саласының үздік педагогі» республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұжым атынан Мухтар Сайлаубаевичті шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және жаңа белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз!
Share this Post