«Бизнес және туризм» кафедрасының оқытушылары қонақжайлылық индустриясының маңызды шарасы — HoReCa стратегиялық сессиясына қатысты

2025 жылғы 20 қазан күні Шымкент қаласындағы Qyzgaltaq Saraiy конгресс-холлында HoReCa саласының дамуына арналған стратегиялық сессия мен жеткізушілер көрмесі өтті.
Іс-шара аясында:

  • Мемлекеттік органдардың жетекшілері мен салалық сарапшылар;
  • Қонақ үйлер, мейрамханалар, кафелер иелерімен менеджерлері;
  • Салалық қауымдастықтардың және кәсіби бірлестіктердің өкілдері;
  • HoReCa нарығы үшін тауарлар, жабдықтар, digital шешімдер жеткізушілері бас қосты.
    Сессия бағдарламасында – индустриядағы заманауи трендтер, саладағы өзекті мәселелер мен шешімдер, инновациялық тәсілдер мен халықаралық стандарттар таныстырылды.
    Шара аясында кәсіби жеткізушілердің өнімдерімен қызметтері ұсынылды. Бұл – саланың үздік тәжірибелерімен танысуға және жаңа іскерлік байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік.
    Талқылау тақырыптары:
  • Қызмет көрсету сапасын арттыру және саланың бәсекеге қабілеттілігін дамыту;
  • Кадрлық әлеует пен оқыту жүйесін жетілдіру;
  • Бизнестің, билік пен қоғамның ашық диалогы;
  • Санитариялық нормалар мен стандарттардың енгізілуі;
  • HoReCa секторын аймақтық әрі ұлттық ауқымда қолдаудың жаңа жобалары.

ОАИУ «Бизнес және туризм» кафедрасының оқытушылар құрамы Шымкенттегі және Қазақстан Республикасындағы туризм және қонақжайлылық саласындағы маңызды іс-шараға қатысты!

Share this Post