Шымкент қаласында іскер әйелдер форумы өтті
2025 жылғы 16 қазан күні Шымкент қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Салааралық іскер әйелдер кеңесінің аймақтық форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – қоғамдағы әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру, табысты іскер әйелдердің тәжірибесін бөлісу және болашақ мамандарды жігерлендіру болып табылады.
Іс-шараға оқу орнымыздың 6В04105 – «Экономика», 6В04106 – «Есеп және аудит», 6В04107 – «Қаржы», 6В04132 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының профессор-оқытушылар құрамы мен белсенді білім алушылары қатысты.
Форум барысында қатысушылар табысты кәсіпкер әйелдердің жетістік жолымен танысып, кәсіби даму мен тұлғалық өсуге бағытталған маңызды тәжірибелер алды.

