«Математика, физика және информатика» кафедрасының академиялық ұтқырлығы: Жызақ политехникалық институты (2025–2026 оқу жылы, күзгі семестр)
2025-2026 оқу жылының күзгі семестірінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Математика, физика және информатика» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары Жиззах политехникалық институтына бір академиялық семестрге оқытушылар дәрістер өтіп, ал білім алушылар білім алуда. Атап айтар болсақ:
- п.ғ.к., аға оқытушы Н.Д.Төребай;
- магистр, аға оқытушы У.К.Исахова;
- 6В01501 – «Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушысы А.Сабиров;
- 6В06106 – «Компьютерлік ғылымдар» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушысы Е.Сарсембеков;
- 6В06103 – Есептеу техникасы және БҚЕ білім беру бағдарламасының 2-курс білім алушысы Е.Поздняков.
Білім алушылар сабақтарға қатысып, ал оқытушылар лекциялық және практикалық сабақтарын жүргізді. Бағдарламаға қатысу оқытушылар мен білім алушылар үшін заманауи инженерлік біліммен танысуға, халықаралық тәжірибемен алмасуға, ғылыми зерттеулерге қатысуға және жаңа идеяларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби әлеуетін дамытудағы және біздің университеттің халықаралық ынтымақтастығын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.


