Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында бірлескен зерттеу жұмыстары

Орталық Азия Инновациялық университетінің профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Р.Н. Жаналиева 2025 жылдың 15–25 қыркүйек аралығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жанындағы Механикалық ғылыми-зерттеу орталығында бірлескен эксперименттік жобаларға қатысты.

Екіжақты кездесу барысында 2026–2027 жылдарға арналған жұмыс жоспары мен бірлескен жобалар бойынша келісімшарттар талқыланды. Механикалық ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері инновациялық технологияларды дамыту және енгізумен айналысатын ғылыми-зерттеу тобын құру мәселесін көтерді.

Алдағы уақытта тараптар ауқымды ғылыми жобаларды бірігіп зерттеуге келісті.

Share this Post