Ленгерлік дарынды түлектер биология пәнінен олимпиадада үздік нәтиже көрсетті

18 сәуір күні Төлеби ауданындағы Леңгір қаласындағы Орталық Азия инновациялық Университеті № 7 IT- мектеп-лицей базасында аудан мектептерінің түлектері арасында «Биология» пәнінен Олимпиада өткізілді. Бұл іс-шара Түркістан облысының аудан орталықтарында пәндік олимпиадаларды, конкурстарды танымал ету шеңберінде жыл сайын дәстүрлі болып табылады, сондай-ақ мектеп оқушылары мен түлектерін Орталық Азия инновациялық университетінің қызметімен таныстырды. Іс-шара «Химия, биология және экология» кафедрасының және университеттің студенттік активінің қатысуымен, аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Аталған байқауға  ауданының және Леңгір қаласынаң  35 астам мектебінен 55 қатысушы қатысты.  Олимпиада 2 кезеңде өтті, тапсырмалар 30 сұрақтан тұратын 4 нұсқада ұсынылды. 1 кезеңнің жеңімпаздары 18 мектеп қатысушысы болды. 2 кезеңнің қорытындысы бойынша Ленгір қаласының Бірінші Мамыр атындағы мектептің қатысушысы Дінмухамед Боранбай ОАИУ білім беру грантының иегері және жеңімпаз атанды, жетекшісі Абылова  П, 1 орын және сертификатты Элмурат Сымбат,  Ленгір қаласының № 1 мектеп-гимназияның оқушысы, жетекшісі  Қулбекова Н., 2 орын және сертификатты Ленгір қаласының Бірінші Мамыр атындағы мектептің қатысушысы Қоныс Тоғжан алды, жетекшісі Пернебекова Г, 3 орынды Султан Рабат ЖОМ оқушысы Джапаралиев Бауыржан иеленді, жетекшісі Даметов А. Университеттің студенттік активі Олимпиадаға қатысушыларға университет қызметі туралы ақпарат, мәліметтерді ұсынды.

Университет атынан аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырғаны үшін университеттің ҒЗО бастығы М.А. Жаркинбеков  мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөліміне алғысын білдірді.

Университет атынан аталған іс-шараны жоғары ұйымдастырғаны үшін университеттің ҒЗО бастығы М.А. Жаркинбеков  мектеп әкімшілігі мен аудандық білім бөліміне алғысын білдірді.

Share this Post