Психикалық денсаулықты қорғау және ерте жүктіліктің алдын алу
Орталық Азия Инновациялық университетінде студенттердің денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық семинар өтті.
Семинар барысында психикалық және эмоционалдық саулықты сақтау, репродуктивті денсаулықты қорғау, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесуге арнайы шақырылған медицина мамандары қатысып, студенттерге пайдалы ақпарат пен кәсіби кеңестер берді:
- Өстемірова Ботакөз Кидарбекқызы – студенттік емхана психологі;
- Сеитбекова Гулжазира Рахимбаевна – «Студенттік емхана» ЖШС акушері;
- Ораз Нурилла Нурмаханқызы – студенттік емхана дәрігері;
- Маханова Сауле Джаксыликовна – ОАИУ медбикесі;
- Ахмет Гулзат Дуисенбайқызы – студенттік емхана медбикесі.
Семинар аясында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, денсаулыққа жауапкершілікпен қараудың маңызын тереңірек түсінді.
Осындай ақпараттық-ағартушылық кездесулер жастардың медициналық сауаттылығын арттыруға, дұрыс шешім қабылдауына және өз денсаулығына саналы көзқарас қалыптастыруына ықпал етеді.
Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылық!
