Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының білім беру консорциумының IX отырысы
Университет ректоры А. С. Ажидинов 16-17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының білім беру консорциумының тоғызыншы отырысына қатысты, отырыс Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ –нің бас ғимаратында өтті.
Іс-шара шеңберінде қорытынды шығарылып, перспективаларайқындалды. Сонымен бірге екі елдің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі беларусь тілі мен мәдениеті орталығына Якуб Колас есімі берілді.