Алматы қаласындағы XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада
Алматы қаласы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 21-22 сәуір 2023 жыл аралығында «6B013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада Республикалық студенттік олимпиада аясында болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін дамытуды анықтау және талантты студент жастарды қолдау мақсатында өткізілді.
Мақсаты: білім алушылардың білім деңгейін анықтау, дарынды жастарды қолдау және олардың кәсіби интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы бойынша олимпиадаға 25 команда қатысты.
Орталық Азия Инновациялық университетінен 6B01301 –Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы бойынша «ШЫРАҚ» командасынан 3 курс білім алушылары қатысты: Сабданбек Айнұр Маралқызы, Ағабек Сара Әшірханқызы, Сұлтан Айдана Нұржанқызы, Тургинбаева Балнур Мухтарқизи. Топтың жетекшісі: Дарибаева Мадина Доскулкызы. Команда «Алғыс хатпен» марапатталды. Сайыс өте қызық және жоғары деңгейде өтті.
«6B013 – Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының бағдарламасы
21-22 сәуір 2023 жыл
21- сәуір 2023 жыл | |
Мақсатты топ: Профессор-оқытушылар, білім алушылар. | |
09.00-10.00 | Қатысушыларды тіркеу. |
10.05-10.10 | Алғы сөз Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызы. |
10.10-11.00 | «Кәсіби құндылықтар» шығармашылық сайысы. |
11.00-12.00 | «Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық идеялар» зерттеушілік жоба қорғау сайысы (үй тапсырмасы). |
14.00-14.40 | «Кәсіби білім сапасы» теориялық сайыс. Тест тапсыру. |
22-сәуір 2023 жыл | |
09.00-11.00 | «Педагогикалық дизайн» практикалық сайысы (үй тапсырмасы).Сабақтың қысқа мерзімді жоспары және бейне үзінді. |
11.00-12.00 | Комиссия мүшелерінің қорытынды шешімін жариялау. |
12.00-12.30 | Олимпиаданың жабылу салтанаты. |
14.00-16.00 | Экскурсиялық және мәдени бағдарламалар. |