ОАИУ “Менің арманым” атты жастар стартап – бизнес жобасының Республикалық байқауы өтті

       Орталық-Азия инновациялық университеті (ОАИУ) жыл сайын ұйымдастыратын «Менің арманым» жастар бизнес-жобаларының республикалық стартап байқауының төртінші маусымының барлық қатысушыларын қарсы алады. Жыл сайын қатысуға ниет білдірушілер саны артып, жоба халықаралық сипатқа ие болуда. Байқау онлайн және офлайн форматында өтеді. Биылғы маусымға Тараз, Орал, Талдықорған, Қарағанды ​​және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарының командалары қатысты.    

      2022 жылдың 19-20 сәуір аралығында бірінші іріктеу кезеңі өтті, онда ұсынылған барлық 48 бизнес-жоба талқыланды. Нәтижесінде үздік 20 жоба финалға өтті, олар университеттің профессор-оқытушылар құрамының сарапшылары, қаланың жетекші кәсіпкерлері тарапынан қаралып, ұсынылды.








  Финалға өткен жобалар
1 Sara балаларды дамыту орталығы
2 Жасанды қоректену ортасында өсімдіктерд өсіру технологияларын әзірлеу
3 KEMPING. Түркістан облысы туристік нысандарында кемпингті құру және пайдалану
4 BAGALYM  «Бағалым»
5 «3D.SAULET.KZ»  орталығы
6 «Кәсіби киім дизайнері»
7 Университет маңындағы аумақты көгалдандыру
8 Жеке тазалық станциясы
9 «Глэмпинг» ті ұйымдастыру
10 Тұрғындардың қоқысты жинауы мен сұрыптауын ұйымдастыру арқылы Шымкент қаласы тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру науқаны (нысаналы объектісі: Әл – Фараби ауданы)
11 Лимон өсіру
12 Маркетплейстермен серіктес болу (Wildberries)
13 “Crystal” қолөнерлік бұйым
14 Lige is Better (LIB) Жұмысшы атауы
15 Инновациялық әдістерді пайдалану арқылы ағаш түрінде құрылыс материалдарын шығару
16 DuringMaps
17 Балаларды дамытуға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар
18 «Crispy Fruits» жемістер мен көкөністерден чипстер өндіру бизнес жоспары
19 «JETISU GREEN VOLT»
20 Жоғары оқу орындары жүйесінде Cash back қолдану және “Study and save” s@S (“оқы және үнемде”) электрондық бағдарламасын әзірлеу

Байқауға ұсынылған жобалардың ішінде өте қызықты, тартымды және болашағы зор бизнес-идеялар бар. Осы идеялардың ішінде жеңімпаздарды анықтау үшін тәуелсіз қазылар алқасы құрылды, оның құрамында:

Жолдасов Б.С. – «QAZAQBILIM CENTER» рекрутингтік компанияның  директоры

Рахимов Б. – «Color IT» – фирмасының директоры

Өткелбаев М. – «Атамекен» ҰКП бөлім басшысы.












Орын Қатысушылар аты-жөні Оқу орны Жетекші Жоба тақырыбы Жүлде қоры
Гран при Ағабек Сара Әшірханқызы Центрально-Азиатский Инновационный университет Дарибаева Мадина Доскуловна «Sаrа» балаларды дамыту орталығы 100.000 тг
1 место Агишева Эльвира Радиковна Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті «Экономика және аудит» жоғары мектебінің доцент м.а., PhD Кенжин Жаксат Болатович «Crispy Fruits» жемістер мен көкөністерден чипстер өндіру бизнес жоспары 60.000 тг
2 место Базарбек Мухтархан Төлегенұлы ОАИУ  Академик Мардан Сапарбаев институты Э.ғ.к. Абилгазиева Ж.Е., магистр Жаздықбаева Д.П. Лимон өсіру 40.000 тг
2 место Берді Ерасыл Сырымұлы PhD Куатбеков Ж.А. Балаларды дамытуға арналған ағаштан жасалған ойыншықтар 40.000 тг
3 место Пата Канат

Назар Губайдуллин

Мирас Давлетканова Станция личной гигиеной 20.000тг
3 место Хамидиллаев Бекмұрат Зиядиллаұлы ОАИУ  Академик Мардан Сапарбаев институты Магистр Еркіналиева Р. DuringMaps 20.000тг
3 место Омархан Мейрамбек Zhansugurov College

Талдықорған қ.

Абзалқызы Г., Наурызбаева С., Жанузыкова Б. «JETISU GREEN VOLT» 20.000тг

2022 жылдың 22 сәуірінде екінші турға өткен бизнес-жобалар арасында қорытынды іріктеу өткізіліп, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен жеке сыйлықтар табысталады. Жеңімпаздардың идеялары одан әрі іске асыру үшін кәсіпкер-инвесторларға ұсынылады.

Share this Post