* Студенттермен кездесу барысында модератор болған Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і, Қаратау ауданының жастарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Бахадыр Бекарыс Бекболатұлы. Сонымен бірге шара барысында студенттеріміз: * Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Орынбеков Заманбек Оралбекұлының, * Шымкент қаласы Қаратау ауданы прокуратурасының прокуроры Әлжан Дінислам Русланұлының, * ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Қалдыбаев Нұртөре Зайдуллаұлының, сонымен бірге * Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Дәулетұлы Көбей мырзаның баяндамаларымен танысып, арнайы дайындалған бейне роликтерін көрді. * Іс — шарада студенттер өздерін қызықтырған сұраққа жауап алып, өзара диалог қалыптасты. Қатысушылар арасында өзара кері байланыс орнады. * Соңынан ОАИУ-нің тәрбиеісі жөніндегі проректоры Хайдаров Нұрлан Шахизиндаұлы қорытындылап,қатысушыларға алғысын білдірді.