Ниязов Айдар Камбарович
Ғылыми дәрежесі, лауазымы: өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент, «Музыка, Кәсіптік оқыту және дизайн»кафедрасының меңгерушісі.
Телефон: 8 (702) 654-27-58,
e-mail: aidar.kambaruly@mail.ru
Мекен-жайы: Быковский көшесі, 54, 113-каб
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы университеттің оқу-ғылыми және әкімшілік бөлімшесі болып табылады. Университет құрылымының 2022-2023 оқу жылының басында қайта құрылуына байланысты, кафедра «Өнер» кафедрасының негізінде «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» атауымен қайта құрылды. Кафедра: 6B01405 — Музыкалық білім; 6B01403 – Кәсіптік оқыту; 6В01409 — Көркем еңбек және жобалау; мұғалімдерін даярлау; 6В02103 —Дизайн, 6В02101 — Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн; 7M02102 – Дизайн ; білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады. Кафедра оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын кафедра мен университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес жүргізеді. Кафедра қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және нұсқаулық құжаттарымен, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, университет Жарғысымен, кафедра туралы Ережемен және университеттің басқа да ішкі нормативтерімен реттеледі.
Кафедраның құрамы жоғары білікті профессор оқытушылар құрамымен, доцент, ғылым кандидаттары, магистрлер, оқытушылармен, аға оқытушылардан жасақталған.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы келесі мамандықтар бойынша студенттер мен магистранттарды дайындайды:::
6В01405 — «Музыкалық білім» (бакалавриат),
6В01403 — «Кәсіптік оқыту» (бакалавриат),
6В01409 — «Көркем еңбек және жобалау» (бакалавриат),
6В02101 — «Сән, интерьер дизайны және өндірістік дизайн» (бакалавриат),
6В02103 — «Дизайн» (бакалавриат),
7М02102 — «Дизайн» (магистратура).
Өнертану кандидаты, доцент Ниязов Айдар Камбарович «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының меңгерушісі болып табылады.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн« кафедрасының ұжымы Білім және мәдениет саласындағы жоғары білікті мамандарды дайындайды, олардың ішінде жоғары білікті мамандар мен дизайнерлер бар. Оның ішінде:
1 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент;
3 техника ғылымдарының кандидаты, доцент;
1 PhD, аға оқытушы;
1 педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
6 ҚР Мәдениет қайраткері ,
1 ҚР Еңбек сіңірген қайраткері
8 магистр, 22 аға оқытушы.
Оқытылатын білім беру бағдарламары
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасында оқытылатын білім беру бағдарламалары:
6В01409-Көркем еңбек және жобалау
6В01403-Кәсіптік оқыту
6В01405-Музыкалық білім
6В02101-Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн
6В01103-Дизайн
7М02102-Дизайн
6В01409—«Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының мақсатын қалыптастыруда университеттің миссиясы,академиялық саясаты және стратегиялық даму жоспары негізге алынды.
Білім беру бағдарламасының мақсаты-орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында ғылыми-педагогикалық, кәсіби-практикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттілікке ие, көркем шығармашылықтың технологиялық дағдылары мен әдіснамасын меңгерген, Көркем еңбек саласындағы жоғары білікті білім беру бакалаврларын даярлау.
ББ міндеттері:
— кәсіби құзыреттер кешенін иелену және қалыптастыру негізінде бәсекеге қабілетті болашақ маманның әлеуметтік-мәдени және кәсіби ұстанымдарын қалыптастыру;
— цифрлық технологияларды пайдалана отырып, әлемдік кеңістікте тұлғааралық және кәсіби қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту;
— психологиялық сауаттылықты, физикалық, рухани және интеллектуалдық ойлау мен мінез-құлық тәсілдерін қалыптастыру.
— жеке тұлғаны патриотизм, толеранттылық, эмпатия рухында дамыту.
— зерттеу және кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру;
Білім беру бағдарламасы мамандырылған екі траекторияға бағытталған:
— Tігін бұйымдарын құрастыру және модельдеу;
— Конструкциялық материалдарды өңдеуді жобалау.
Берілетін дәреже
6В01409-«Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры.
Кәсіби қызметінің тізбесі
6В01409-«Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы бакалаврының кәсіби қызмет тізбесі:
— Мұғалім. Колледж оқытушысы
Орта мектептердегі «Көркем еңбек» мұғалімі, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру мекемелеріндегі арнаулы пәндер оқытушысы, өндірістік оқыту шебері, бейінді мектептердегі мамандандырылған Білім беру оқытушысы; біліктілікті арттыру орталықтарының оқытушысы.
6В01403 – «Кәсіптік оқыту»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6В01403 — Кәсіптік оқыту» бағыты бойынша білім беру бағдарламасы университеттің миссиясы, академиялық саясаты мен стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленіп, сыртқы орта әсері ескеріліп, бағдарлама әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті білім беру өнімі ретінде позициялану қажеттілігіне негізделеді.
Білім беру бағдарламасының мақсаты өмір бойы білім алатын және Қазақстан экономикасын әлемдік кеңістікте нағайтып, еңбек нарығының қазіргі талаптарына сәйкес келетін кәсіби қызметте қажетті құзыреттілікке ие жоғары білікті, сыни ойлайтын, шығармашылық және функционалдық құзыретті мамандарды даярлау болып табылады.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері
Қоғамның әлеуметтік тапсырысына және білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында кәсіптік оқыту үшін қажетті базалық білімді, негізгі, жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, когнитивті икемділікті, функционалдық сауаттылықты дамыту.
Білім алушылардың кәсіптік оқыту, оқыту әдістемелері, инновациялық технологияларды енгізу саласында ғылыми-зерттеу және эксперименттік қызметті ұйымдастыруға және өткізуге дайындығын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамытудың физикалық, рухани және интеллектуалды әдістерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау мен өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
— мектепте, лицейде, гимназияда, УКПК (оқу-өндірістік комбинат), мектептен тыс мекемелерде еңбек технологиясы және кәсіптік оқыту бойынша оқушыларды тәрбиелеу және кәсіптік даярлау;
— мектеп мұғалімдері мен оқытушыларының, УКПК шеберлерінің, ата-аналардың, өндіріс басшылары мен өкілдерінің оқушыларды еңбек, өндірістік оқытуды, тәрбиелеуді және кәсіптік даярлауды ұйымдастыру жөніндегі ұжымдық қызметіне байланысты проблемаларды шешу;
4 Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
— жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназиялар;
— оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау орталықтары;
— орта арнайы оқу орындары, колледждер;
— кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақ аралық орталықтары болып табылады.
6В01405 – «Музыкалық білім»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
«Музыкалық білім беру» білім беру бағдарламасының мақсаты — музыкалық білім беру және өнер педагогикасы саласында қажетті кәсіби құзыреттіліктері бар, көпмәдениетті, коммуникативтілікті меңгерген, педагогика саласындағы әлеуметтік маңызды міндеттерді қазіргі ғылыми-практикалық деңгейде шығармашылық және жоғары кәсіби деңгейде шеше алатын жоғары білікті музыка мұғалімдерін даярлау.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері
— қоғамның әлеуметтік тапсырысына және әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мектептер, лицейлер, педагогикалық колледждер, сондай-ақ қосымша музыкалық білім беру мектептері үшін болашақ музыка мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету;
— болашақ музыка мұғалімдерінде негізгі құзыреттіліктер, сондай-ақ жалпы ғылыми және арнайы білім, дағдылар жүйесін қалыптастыру;
— физикалық, рухани және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту тәсілдерін игеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет саласы мыналарды қамтиды:
— Бакалаврдың кәсіби қызмет саласы-мектеп оқушыларына музыкалық білім беру.
Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
— жалпы білім беру мекемелері (мектептер, лицейлер, гимназиялар және т. б.)
— педагогикалық колледждер, балалар музыка мектептері, өнер мектептері;
— барлық типтегі жалпы білім беретін мекемелердің студиялары мен музыкалық үйірмелері
6В02101— Сән, интерьер дизайны және өнеркәсіптік дизайн
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
«6В02101-Сән,интерьер дизайны,өнеркәсіптік дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша даярлау бағыты Жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жеке және кәсіби қызметтегі табыстылықты ескере отырып, өз білімін құру мүмкіндігінен көрінетін болашаққа нақты бағдарлануды көздейді.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері (қызмет түрлері бойынша).
-Болашақ маман-дизайнерлердің негізгі кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру;
-Эксперименттің барлық кезеңдерінде студенттердің тәуелсіз іздеу-зерттеу қызметіне алғышарттар жасау;
-Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және қорыту;
-Студенттердің жеке қасиеттерін дамыту, жалпы мәдени және кәсіби (жобалау, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару, сыни-сараптамалық, педагогикалық) құзыреттерін қалыптастыру, оларды республикалық заңнама талаптарына сәйкес практикалық қызметте іске асыру дағдыларын дамыту.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
6В02101-«Сән,интерьер дизайны,өнеркәсіптік дизайн» дайындық бағыты бойынша бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлек келесі кәсіби міндеттерді шешуге дайын болуы керек:
— эстетикалық мәнерлі пәндік-кеңістіктік және сәулеттік ортаны қалыптастыру бойынша шығармашылық қызмет;
— пәндік жүйелер мен кешендер;
— ақпараттық кеңістік;
— бәсекеге қабілетті отандық өнімді жасауға және жетілдіруге, экономиканы дамытуға, мәдениет деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жобалау-көркемдік, ғылыми-педагогикалық қызметті біріктіруші;
— көркемдік білім.
Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
— адамның утилитарлық және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын заттық-кеңістіктік және сәулеттік орта (техника және жабдықтар, көлік құралдары, интерьерлер, полиграфия, халық тұтынатын тауарлар);
-Графикалық дизайн, орта дизайны, өнеркәсіптік дизайн, арт-дизайн объектілерін көркемдік орындау;
— көркем пәндерді (модульдерді) оқыту.
6В02103 – «Дизайн»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Университеттің стратегиясы мен миссиясына сәйкес білім беру бағдарламасының басты мақсаты әлемдік білім беру кеңістігімен интеграцияланған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін, ақпараттық-коммуникациялық және әлеуметтік-мәдени ортаны құру және бейіні бойынша халықтың өмір сүру сапасының өсуін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөніндегі көркемдік-технологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
2 Білім беру бағдарламасының міндеттері:
— дизайн-жобалаумен байланысты салаларда жұмыспен қамтуға қатысы бар шығармашылық, техникалық және кәсіби дағдыларды жетілдіру ;
— дизайнға қатысты ағымдағы әзірлемелер туралы егжей-тегжейлі, мақсатты және маңызды түсінік пен хабардарлықты көрсету;
— шығармашылық идеяларды дамыту және қолдау;
— ақпаратты сыни талдау және бағалау;
— көрнекі және эстетикалық ақпараттылықты көрсету;
— өз бастамасы бойынша жобалар шеңберінде проблемаларды шешу және шешімдер қабылдау;
-шығармашылық және өнертапқыштық таңдау арқылы идеялар мен дизайн жобаларын ұсыну және дәстүрлі және «ақылды» материалдар мен технологияларды, әдістер мен процестерді қолдану.
3 Түлектің кәсіби қызмет саласы
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген түлектердің кәсіби қызмет саласы мыналарды қамтиды:
-Өнеркәсіптік өнімнің, пәндік-кеңістіктік кешендердің көркемдік-конструкторлық (дизайнерлік) жобаларын әзірлеу;
— Материалда көркемдік-конструкторлық (дизайнерлік) жобаларды техникалық орындау;
— Өндірісте олардың авторлық үлгісіне сәйкестігі бөлігінде бұйымдардың дайындалуын бақылау;
— Орындаушылар ұжымының жұмысын ұйымдастыру. Бір немесе бірнеше кәсіптер бойынша жұмыстарды орындау.
4 Түлектің кәсіби қызметінің объектілері
Бакалавриат бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері:
— қалалық, ауылдық, саябақ ансамбльдері, шағын сәулет нысандары, абаттандыру және көгалдандыру элементтері, көрнекі коммуникациялар, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы жабдықтар мен жиһаздар, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістіктері, қоғамдық мақсаттағы жерасты құрылыстары, интерьердегі безендіру, жабдықтар мен жиһаздар, көрме және сауда экспозициялары, монументалды-сәндік және сыртқы және интерьердегі сәндік-қолданбалы өнер заттары, интерьердегі көрнекі коммуникациялар;
— жаппай өндіріске арналған киім конструкциялары, бұйымдар және олардың кешендері, шағын сериялы заттар мен бұйымдар, күнделікті және арнайы киімдерді модельдеу, тігін бұйымдарының ансамбльдері, аксессуарлар, тоқыма бұйымдары, театр костюмі.
7М02102 – «Дизайн»
1 Білім беру бағдарламасының мақсаты
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты университеттің миссиясы мен академиялық саясатын және стратегиялық даму жоспарын негізге ала отырып, қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына сәйкес сыни тұрғыдан ойлайтын, функционалды сауатты, кәсіби қызметі үшін қажетті құзыреттіліктерді игерген, дизайн шығармашылық саласында көркем қиялдау, креативтілік, кеңістіктік-бейнелік ойлау қабілеті қалыптасқан, өмір бойы білім алатын, еңбек нарығының жаңа талабына бейімді білікті маман дайындау ұстанымында анықталған.
2 Білім беру бағдарламасының негіздемесі
Магистранттар үшін:
Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей алатын, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдаланатын, процестер мен құбылыстарды талдауда бар тұжырымдамаларды, теориялар мен тәсілдерді сыни тұрғыдан талдайтын, мамандық шеңберіндегі педагогикалық қызметінде жоғары мектеп білімін қолданатын осы бағдарламаның түлектері жұмысқа орналасудың жоғары мүмкіндігіне ие.
7М02102 – «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі
«Дизайн» білім беру бағдарламасы бұл тереңдетілген іргелі дайындықпен, жақсы эрудициясымен және динамикалық ойлауымен ерекшеленетін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқытушылық қызметтің күрделі шығармашылық міндеттерін шешу дағдыларын меңгерген, сондай-ақ өзін-өзі дамыту, өмір бойы жаңарып, жетілдіріліп отыратын үздіксіз білім алу мүмкіндігі болу, тез өзгеретін, дамып келе жатқан техногендік әлемде жұмыс істейтін маман-дизайнер салада қажетті құзыреттерге ие маман.
3 Берілетін дәреже
7М02102 – «Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі
4 Кәсіби қызметінің тізбесі
— ғылыми қызметкер;
- жобалаушы-конструктор;
- педагог;
- педагог-модератор;
- педагог-сарапшы;
- педагог-зерттеуші;
- педагог-шебер;
- өндірістік қызметкер (тұжырымдамаларды, макеттерді, жаңа ансамбль нысандарын жобалаушы, өнімдерді әзірлеуші, жоба тапсырмасын дайындаушы);
- бірінші дәрежелі техник;
- кіші ғылыми қызметкерлер;
- инженер-лаборант;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінің инженерлері;
5 Кәсіби қызметінің саласы
— білім;
— ғылым;
— мәдениет;
— өнер.
- Кәсіби қызметінің нысаны
— жобалау және ғылыми зерттеу институттары;
-шеберханалар, студиялар;
— техникалық және кәсіби білім беру мекемелері.
— жоғары оқу орындары;
— мәдени-ағарту мекемелері;
— БАҚ, жарнама және баспа ұйымдары;
— мәдениет және өнер орталықтары, мұражайлар;
— кәсіби шығармашылық одақтар мен бірлестіктер;
— көркем-өнеркәсіптік өндіріс орындары.
1 | Ниязов А.К. | Кафедра меңгерушісі | өнертану кандидаты | доцент |
2 | Ажидинов А.С. | профессор | т.ғ.к. | профессор |
3 | Утешева А.Ж. | доцент | п.ғ.к. | доцент |
4 | Кошенов Ж.С. | доцент | п.ғ.к. | доцент |
5 | Атажанов И.И. | доцент | т.ғ.к… | доцент |
6 | Баймен Б.А. | аға оқытушы | ҚР Мәдениет қайраткері | |
7 | Жаксыбеков С. | аға оқытушы | ҚР Мәдениет қайраткері | |
8 | Күнпейіс Ж.Қ. | аға оқытушы | п.ғ.к. | |
9 | Жунисова Н.А. | аға оқытушы | Педагогика ғылымдарының магистрі | |
10 | Жузеева К.Е. | аға оқытушы | ||
11 | Оспанова А.Д | аға оқытушы | ||
12 | Тилепова А.У. | аға оқытушы | ||
13 | Пернакулова С.А. | аға оқытушы | ||
14 | Жаксылыкова Г.А. | аға оқытушы | Педагогика ғылымдарының магистрі | |
15 | Мейрбекова Р.Б. | аға оқытушы | ||
16 | Мурзабаева М.А. | аға оқытушы | ||
17 | Шуланбекова С.Б. | оқытушы | Өнертану магистрі | |
18 | Кәдірбердиева А.Ш. | оқытушы | Педагогика ғылымдарының магистрі | |
19 | Ажидинов С.С. | аға оқытушы | т.ғ.к… | |
20 | Даулеталиева С.О. | оқытушы | ||
21 | Мусаева А. | аға оқытушы | доктор Phd | |
22 | Оспанов А. | аға оқытушы | ҚР еңбек сіңірген суретшісі | |
23 | Жолдасова А. Ш. | оқытушы | ||
24 | Демеубаева Ұ. О. | оқытушы | магистр | |
25 | Нұрлыбек С. | оқытушы | магистр | |
26 | Айбота А. | оқытушы | магистр | |
27 | Алипова М. | оқытушы | ||
28 | Жаухаров А. | оқытушы | магистр | |
29 | Ахметова А.К. | доцент | п.ғ.к.,доцент | |
30 | Коваленко И. | аға оқытушы | п.ғ.к. | |
31 | Жанабаева Ж. | аға оқытушы | э.ғ.к. | |
32 | Досанова.Б.А. | аға оқытушы | маман | |
33 | Раджапова А.А. | аға оқытушы | Педагогика ғылымдарының магистрі | |
34 | Кәдірбай А.Е. | оқытушы | Педагогика ғылымдарының магистрі |
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасына қарасты Шаруашылық шарттар негізінде орындалатын ҒЗЖ, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру
№ | Тапсырыс беруші | орындаушылар (жұмысшы топ құрамы) | ҒЗЖ тақырыптары | мерзімі орындалуы | (орындалған жұмыстардың түрі, бар болса сомасы, тг) |
1 | ЖШС Достық мектебі | Утешева А.Ж. п.ғ.к., доцент | Развитие эмпатической культуры личности в процессе освоение народной музыки | 17.01.2024ж 16.05.2024ж | Издание учебного пособия «Развитие эмпатической культуры личности в процессе освоения народной музыки». Патентование результатов по реализуемой исследовательской работе.Публикации статей сумма -200,000тг |
2 | ТОО «CITY ENGINEERING» | Жетекші: т.ғ.к., профессор Ажидинов А.С. Құрамы: Юсупов А.Н. Ажидинов С.С., Ниязов А.К., Жузеева К.Е. Магистрант Сырцов Р.А., студент Жолдасбекова Ж. | Инновационные способы обучения проектированию в дизайне | 19.01.2024ж 02.05.2025ж | Проведение мастер класс, лекции, семинары, тренинг по способам обучения процессам проектирования: анализ и обзор Сумма – 295000тг |
3 | «Достық мектебі» ЖШС | Жунисова Н. Күнпейіс Ж.Қ. Атажанов И.И. Кәдірбердиева А.Ш. Садық И. студент | Развитие креативных способностей детей на занятиях «Художественный труд | 15.05.2023ж | Определение роли изготовления изделий декоративно-прикладных искусств в традиционных, национальных и современных традициях.Литературный обзор по исследуемой тематике Изучение и анализ современного состояния народного прикладного искусства. Сумма – 150000тг |
Кафедрада келесідей ғылыми – зерттеу жұмыстары жүргізіледі
№ | Ғылыми бағыт тақырыбы | Ғылыми жетекші, орындаушылар | ҒЗЖ орындау мерзімі | 2024 жылғы ҒЗЖ кезеңдерінің қысқаша мазмұны | Күтілетін ғылыми және практикалық нәтижелер | Қаржыландыру көзі | |||
Басталуы | Аяқталуы | ||||||||
Ынталы зерттеу жұмыстары | |||||||||
1 | «Халық музыкасын меңгеру үдерісінде тұлғаның эмпатикалық мәдениетін дамыту» Тиркеу номері №0122РКИ0027 04.02.2022ж | Утешева А.Ж. п.ғ.к., доцент Кайнарбаева А.К. ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы Жаксылыкова Г.А. аға оқытушы Пернакулова С.А.аға оқытушы Аккали Ф.Ж. 4 курс студенті Әділбек Ғ.Е. 2 курс студенті | 30.07. 2023 г. | 06.01. 2024 г. | Зерттеу нәтижелерін Қазақстан Республикасы Ғылыми зерттеулер министрлігінің материалдарында, жақын және алыс шетелдерде, рецензияланған отандық және шетелдік импакт-факторы нөлдік емес ғылыми басылымдарда, ҚР БҒМ ККСОН ұсынған журналдарда жариялау. Зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үдерісіне және өндіріске енгізу – «Халық музыкасын меңгеру барысында эмпатикалық тұлға мәдениетін дамыту» оқу құралын басып шығару. | Халық музыкасын меңгеру барысында тұлғаның эмпатикалық мәдениетін дамыту. Оқу құралы. Шымкент, 2024 – 85 бет | Өзін-өзі қаржыландыру | ||
2 | «Өнертану мен педагогика ғылымы саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану» Тиркеу номері №0122РКИ0091 26.04.2022ж | Өнертану кандидаты Ниязов А.К. п.ғ.к., аға оқытушы Күнпейіс Ж.Қ., магистр, аға оқытушы Жунисова Н., аға оқытушы Жузеева К.Е., аға оқытушы Оспанова А.Д. | 06.01. 2024ж. | 31.12. 2024ж. | «Өнертану мен педагогика ғылымы саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру және жаңа технологияны қолдану» атты 5 б.т оқу құралын шығару. ҒЗЖ нәтижесін оқу үрдісі және өндіріске ендіру. | Студенттердің практикалық және жеке сабақтарында қолдануға арналған «Өндірістік жобалау», «Трендвотчинг», «Сәни және экология», «Сәулеттік композиция», «Имиджелогия», «Сәндік қолданбалы өнер» оқу құралдары шығарылды. Магистранттармен бірге мақалалар шықты. | Өзін-өзі қаржыландыру | ||
3 | Жилой дом для фермеров Южного Казахстана с возобновляемыми источниками энергии | 1) Юсупов А.Н.– кандидат архитектуры, доцент Исполнители: 2) Ажидинов А.С. –к.т.н., профессор 3) Сырцов Р.А., магистрант гр.МДЗ 4) Aкберген Ж.К.студент гр. ДЗ Ак 21-2h 5) БекболатовT.студент гр. ДЗ.Ар.21-2h | 29.09. 2023ж | 01.09. 2024ж | Проектирование ОПР и изготовление технической модели жилого дома для фермеров с возовляемыми видами энергии (ВИЭ) | Компания өнімін жүзеге асыру үшін тәжірибелер жасау. Бірегей жобалар дайындау. | ТОО «CITY ENGINEERING» | ||
3 | Раздел 3. Использование элементов и процессов архитектурного дизайна и арт-деятельности для проектирования и организации дизайна архитектурных объектов | Мусаева А.М., PhD, старший преподаватель; Райымкулова А.Д, к.п.н., старший преподаватель; Оспанов А.М., старший преподаватель; Жолдасова А.Ш., магистр, преподаватель; Демеубаева Ұ.О., магистр, преподаватель; Нурлыбеков С., магистр, преподаватель; Алипова М.К., магистр, преподаватель; Абдуахит М.А., магистр, преподаватель; Айботаева А.А., магистр, преподаватель; | 01.01.2023 | 31.12.2023 | Этап 4. Дизайн-проектирование интерьеров архитектурных форм и объектов | Разработка дизайн-концепций планировочных решений интерьеров архитектурных форм и объектов архитектурными, декоративно-пластическими, колористическими и светотехническими средствами. Публикация статей в научных журналах, участие в международных научных конференциях. | Центрально-Азиатский инновационный университет | ||
Қорытынды: | 2024жылының 1-ші жарты жылдығына арналған кафедраның ҒЗЖ тақырыптық жоспары толық көлемде орындалды, жоспарға сәйкес қарастырылған зерттеулер жүргізілді, зерттеудің нәтижелері оқытушы-профессор оқытушылардың ғылыми еңбектерінде жарияланды. Нәтижесінде 29-мақала, біліктілік бойынша 24-сертификат, шаруашылық келісім-шарт-4 және оқу құралдары шығарылды. ҒЗЖ тақырыптық жоспары орындалды. Кафедраның ПОҚ-ы шетелде және ҚР-да халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарында 29 ғылыми мақала жарияланды, 2 ҒЗТКЖ шарты және 4 шаруашылық келісім шарт бойынша жұмыстар орындалды. | ||||||||
Студенттердің ҒЗЖ
Қазіргі уақытта тұлғаның жалпы интеллектуалды дамуына, шығармашылық пен тәуелсіздікті ынталандыруға баса назар аударылуда. Осыған байланысты қазіргі заманғы маман іргелі және арнайы білімнің қажетті мөлшерін ғана емес, сонымен қатар практикалық мәселелерді шығармашылық шешудің белгілі бір дағдыларын игеруі керек, үнемі біліктілігін арттырып, өзгеретін жағдайларға тез бейімделуі керек. Барлық осы қасиеттерді ЖОО-да қалыптастыру қажет. Олар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуы арқылы тәрбиеленеді, ол қазіргі кезеңде маңызға ие болып, болашақ маманның кәсіби дайындығының негізгі компоненттерінің біріне айналады.
Кафедра деңгейінде де, жалпы ЖОО деңгейінде де студенттердің жүйелі ғылыми — зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға және жүргізуге зейінді күшейту қажеттілігін Қазақстан Республикасының Білім министрлігі де негіздейді, сонымен қатар құжаттарда шығармашылық белсенділікке тәрбиелеу және студенттердің ғылыми — зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) жүргізу кез келген ЖОО-ның барлық курстарында жүзеге асырылуы тиіс екендігі көрсетілген.
Кафедра студенттері өз мамандықтарына сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Ғылыми үйірмелер бар: жас химик; Жас биолог;Жас эколог.
Үйірмелердегі ҒЗЖ келесі элементтерді қамтиды:
1) студенттерді зерттеу еңбегінің негіздеріне оқыту, оларға белгілі бір дағдыларды үйрету;
2) оқытушылардың басшылығымен ғылыми зерттеулерді орындау.
Студенттердің ғылыми жұмысының мақсаты-дайын білімді игеруден жаңа білім алу әдістерін игеруге көшу, ғылыми әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-құқықтық құбылыстарды өз бетінше талдау дағдыларын игеру.
Студенттердің ғылыми жұмысының негізгі міндеттеріне мыналар жатады :
шығармашылық ойлауды дамыту, ғылыми ой-өрісті кеңейту;
өзіндік ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
кәсіби қызметте ғылыми зерттеулердің теориялық білімі мен заманауи әдістерін қолдану қабілетін қалыптастыру.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы бойынша 6В01409 – «Көркем еңбек және жобалау» ббб бойынша «Шебер қолдар» , 6В01405 – «Музыкалық білім» ббб бойынша «Дала сыры», 6В02102 – «Дизайн» ббб бойынша «Палитра» үйірмелері жұмыс жасайды. Әр жыл сайын университет деңгейінде көрме өткізіледі. Сонымен қатар әр жыл сайын магистранттарымыз бен студенттер арасында өтетін Старт-ап конкурстар мен олимпиадаларға қатысып, сертификаттар мен дәрежелі дипломдар алынды.
Халықаралық қатынас
Халықаралық ынтымақтастық бұл — Орталық Азия Инновациялық Университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ОАИУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісім шарттарға қол қойды.
Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.
Студенттің академиялық ұтқырлығы — білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты — халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
- ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
- кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
- пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
- халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы шығармашылық олимпиада ұйымдастырды.
2023 жылдың 7-сәуірі күні «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен «Өнерлі өрге жүзер» атты шығармашылық Олимпияда болып өтті. Олимпиадаға 6В01405-«Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы 6В01409-«Көркем еңбек және жобалау» білім беру бағдарламасы 6В02103-«Дизайн» білім беру бағдарламасының білім алушылары қатысты. Әр білім беру бағдарламасы өз мамандықтарының ерекшеліктеріне қарай ереже түзіп,сол бойынша сайыс өткізді.
Сәуір айының 25-26 күндері Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті «Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен ALTYN ÖRNEK атты жас дизайнерлер мен сәнгерлердің халықаралық байқауы өтті. Байқауға 30-дан астам коллекция ұсынылды. Соның ішінде Орталық Азия Инновациялық Университеті атынан «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының 6В02103 – Дизайн мамандығы, жетекшісі Юнусова Дильдора Авазовнамен ДзОк 21-1һ 3-курс студенттері Абдықадыр Нұрсара;Нұрсейтова Ырысай;Абайхан Динара; Мейманқұл Айда; Төлебай Динара қатысты. Байқауға «Азаттық рухы» және «Сары алқап арулары» коллекциялары ұсынылып арнайы сертификаттармен марапатталды. Сондай-ақ Опера және балет театры дизайнері Сабира Даулеталиевадан «Азаттық рухы» коллекция авторлары Абдықадыр Нұрсара, Нұрсейтова Ырысай арнайы алғыс хатпен марапатталды. #дизайн #кәсіптік_оқыту
ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Кафедра бойынша топтарда өткізілетін тәрбие жұмысы туралы.
«1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне орай барлық тәлімгерлік топтар, 1-курс студенттері мерекелік іс-шараны топ тәлімгерлерімен өткізіп, әр топ тәлімгері өздерінің бекітілген топтарымен «1 қыркүйек – Білім күні» мерекесіне арналған тәлімгерлік сағаттар өткізіп, Орталық Азия инновациялық университетінде тәртіп пен мінез-құлық қауіпсіздігінің ережелерімен таныстырып, студенттерді ғимараттар мен қызметтердің орналасқан жерімен (Анықтамалық нұсқаулық), күн тәртібі және сабақ кестесімен таныстырып, студенттерді тәлімгерлік жұмыс жоспарымен таныстырып, 1-курстарда топ белсенділері тағайындалып студенттер туралы мәліметтер алынып, хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар кафедрада тәрбие жұмыстарын жүргізу барысында төмендегідей негізгі мәселелер басшылыққа алынды:
— жеке адамның өз бетінше шығармашылық дамуы және тұрақты қылықтың эстетикалық және азаматтық көзқарасын қалыптастыру; психологиялық және педагогикалык принциптерінің ынтымақтастығы арасындағы қатынастарды жетілдіру;
— азаматтыққа, адам бостандығы мен құқығын құрметтеуге, патриоттыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу;
— жеке адам және этика арасындағы жоғары мәдениеттілікті қалыптастыру;
— экологиялық мәдениет, салауатты өмір салты, қылықтық-эстетикалық, құқықтық және экономикалық мәдениет саласындағы білім беру субъектілерінің базалық міндеттерін қалыптастыру;
— тәрбие берудің казіргі заманғы формалары мен жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген, кәсіби жетік педагогтарды калыптастыру; қоғамдық — саяси, рухани және спортттық ортадағы аспиранттар мен студенттердің өзіндік кескіні мен дамуы;
— түрлі дәрежедегі жастардың нығаюы, еңбекпен қамтамасыз ету, студенттік құрылыс және жастар еңбек отрядтары бағдарламасы арқылы студенттердің еңбек етуі.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы бойынша барлық топ тәлімгерлері өз топтарында жоспарға сай 9 бағыт бойынша тәрбиелік шаралар өткізіп, хаттамалар толтырып отырды. Сонымен бірге 2023 – 2024 оқу жылындағы тәрбие шаралары бойынша жарты жылдық есебінде кафедраларының барлық топтар бойынша тәрбиелік іс-шаралар жоспары түзілген, тәлімгерлік сағаттардың хаттамалары жасалынып, әр бағыт бойынша жоспарға сай тәрбие сағаттары өткізілді.
«Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасындағы 1-5 курстар аралығында топ тәлімгерлері топ студенттерімен тәрбие іс шараларын жүргізді.
Топ тәлімгерлері белгіленген күні тәлімгерлер сағаттарын өткізіп, онда топ тәлімгерлері топтарындағы әр –түрлі мәселелерді талқылап отырды. 7 және 15 аптада өткізілетін бақылау апталығын әр тәлімгерлер талқылап, факультетке шешімдерін беріп отырды.
Желтоқсан айында басталған қысқы сессиясына дайындық туралы тәлімгерлік сағаттар өткізілді. Онда студенттердің төлем ақысының уақытылы төлеуіне байланысты сұрақтар қозғалды және сессияға дайындықтары талқыланды.
Бірінші, екінші аралық бақылаулар мен қорытынды нәтижелерін талқылау жүргізілді. Кафедра бойынша студенттердің сессия қорытындысы жасалды.
Қыркүйек айы: «Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы бойынша — Музыкалық білім, Кәсіптік оқыту, Дизайн мамандықтары бойынша 1 — курс студенттерінің тәлімгерлері студенттерді «1-қыркүйек Білім күнімен» құттықтап, әр топ тәлімгері топ басшыларын сайлап, студенттермен жеке танысты хаттамалар толтырылды. Музыкалық білім және кәсіптік оқыту мамандығының студенттері өз өнерлерін көрсетті.Концерттік бағдарлама қойылды. Әр мамандықтар бойынша табличкаларды ұстап, жаңадан университет баспалдағын аттаған 1 курс студенттері келіп мерекеге қатысты.
Қазан айы: 1 қазан – Қарттар күніне орай қарттар үйіне қайырымдылық акциясын Жастар-тәрбие бөлімнің басшысы,мәдени іс-шараны ұйымдастырып өткізді.
Ұстаздар» мерекесіне орай ашық тәлімгерлік сағатын МБ-01.02 топ студенттері және топ тәлімгері Жақсылыкова Г.А. студенттерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Университет білім алушылардың «Шебер қолдар» атты топ тәлімгері Жунисова Набат топ студенттерімен жәрмеңке ұйымдастырып өткізді.
Бұқар жыраудың туғанына- 330 жыл толуына орай «Жыраудың мұрасы» атты поэзиялық кешін топ тәлімгері Мурзабаева М.А. 1 курс МОk-23-1h және 3 курс МОk-21-1h топ студенттерімен ұйымдастырды. Бұқар жырау туралы студенттермен мәлімет жинап, баяндама жасады.
Университетіміздің ұйымдастыруымен өткізілетін Ұлағатты ұстаздар мерекесіне орай «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік іс-шараға Музыкалық білім мамандығының студенттері мен ұстаздары қатысып өнерлерін көрсетті. «Ұстазым» әнін хормен айтты. Дирижері аға оқытушы Мейрбекова Р.Б. Және де өнерлі студенттеріміз өз өнерлерін көрсетті. Республикалық байқаудың лауреаты Жақсыбекова Асем ән айтып өз өнерлерін паш етті.
Университетте студенттер арасында «Шебер қолдар» атты жәрменкесі ұйымдастырылды. Кафедра аға оқытушысы Мейрбекова Роза Бекматовна сөз алып , бұл іс-шара студенттерді еңбекке, түрлі өнер бұйымдарын жасауға, қазақтың ұлттық тағамдарын пісіруге, шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып, бар затты ұқсата білуге, сол заттың қадір-қасиетін білуге, күнделікті өмірде қолдана білуге көмектесетінін айтып өтті.
Сонымен қатар студенттерге қосымша білім беру мақсатында оқушылардың білімін, шеберлігін көрсету, дамыту болатынын айтты. Студенттерді шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту, шеберлігін ұштау , шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған маман тәрбиелеу,шәкірттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету, іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру, тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.
Қолөнер үйірмесі өнер мен шығармашылық ісін бір-бірімен ұштастырып, студент санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйретуді мақсаты мен міндетіне қойылды деп, айтылды. Кафедра ұжымы белсене қатысып пікірлерін айтты, ұсыныстарын тіркеді.
18.10.2023ж күні Шымкент қаласы Опера және балет театрында “ZHULDYZ ART KAZAKHSTAN ” — 2023ж ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУ ұйымдастырылып өткізілді. Сол байқауға университетімізден 3- курс МОk-21-1h тобының студенті Әділбек Ғанисұлтан қатысып, Дәстүрлі ән жанры бойынша Бас жүлде иеленді.
Халықаралық ынтымақтастық бұл — Орталық Азия Инновациялық Университеті қызметінің ажырамас бөлігі және білім сапасын және оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Бұл жұмыс шетелдік жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламалары аясында жүзеге асырылады. Осы уақытқа дейін ОАИУ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойды.
Осы университеттермен жасалған келісімдер шеңберінде халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, бірлескен ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, оқытушылар құрамымен алмасуға және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамытуға мүмкіндік туды.
Студенттің академиялық ұтқырлығы — білім алушыны белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) оқуға немесе зерттеуге басқа ЖОО-ға (ішкі немесе шетелде) ауыстыру, алынған білім беру бағдарламаларын міндетті түрде басқа жоғары оқу орнында жалғастыру.
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты:
Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты — халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының қандай артықшылықтары бар?
Бұл бағдарлама шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында студенттер мен оқытушылардың оқуына және ғылыми іс-шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы шектеулі мерзімге, әдетте семестрге немесе оқу жылына арналған.
Ұтқырлық бағдарламаларына қатысу студенттерге бірқатар перспективалық мүмкіндіктер мен артықшылықтар береді:
- ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға;
- кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
- пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
- халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
Кафедрада университет пен Пенджикент қаласындағы Тәжік педагогикалық институты, Ташкент мемлекеттік архитектуралық университеті (Өзбекстан), Шыршық мемлекеттік педагогикалық институты (Өзбекстан) арасында ынтымақтастық туралы шарттар /келісімдер жүргізілуде. Осы келісімдердің мәні студенттердің Ғылым және білім беру саласындағы академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету бойынша серіктес ЖОО арасындағы ынтымақтастық болып табылады.
Жұмыспен қамту туралы ақпарат 2022
Жұмыспен қамту туралы ақпарат 2021
Жұмыспен қамту туралы ақпарат 2020
Кафедраның оқу жоспарына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының талаптарына (өзгерістер мен толықтырулармен), жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «өнер» кафедрасының мамандықтарында оқу практикасының мынадай түрлері жүргізіледі: педагогикалық, өндірістік, өлшеу, оқу (таныстыру, пленэр), Диплом алдындағы, мақсаты-теориялық білімді тереңдету және игеру, мамандық бойынша практикалық дағдылар мен біліктер көлемін кеңейту.
120-14 топ студенті Мырхметова Жанерке 6 сынып оқушыларымен технология сабағын өткізді (педагогикалық практика)