25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ!

Орталық Азия инновациялық университетінде еліміздің ұлттық мерекесі – 25 қазан Республика күніне орай мерекелік іс-шара аталып өтті.

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи таңдауын, мемлекеттілігіміздің қалыптасуын, ұлттық бірлігіміз бен елдігімізді айшықтайтын ерекше мереке.

Бұл күн – Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып, ел тарихына құрметпен қарауға және болашаққа сеніммен қадам басуға үндейтін маңызды мереке.

Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік, болашағы жарқын болсын! Жастарымыз білім мен ғылымда биік белестерді бағындырып, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қоса берсін!

Share this Post