«TAMYR QUIZ»: ҰМЫТ ҚАЛҒАН ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУҒА АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН ӨТТІ

2026 жылғы 30 қазанда Орталық Азия Инновациялық университетінде «Сүмбіле» жас өнерпаздар ұйымының ұйымдастыруымен «Tamyr Quiz» атты танымдық ойын өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұмыт бола бастаған қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту және өскелең ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыру.

Ойын барысында қатысушылар қазақ халқының бай мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері мен жөн-жоралғыларына қатысты тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті.

«Tamyr Quiz» танымдық ойыны жастардың ұлттық танымын кеңейтіп, өзара ынтымақтастығын нығайтуға, тарихи мұраға құрметпен қарауға және ұлттық бірегейлікті сақтауға бағытталған мазмұнды шара болды.

Ұлттық құндылықтар – ұлттың рухани тамыры. Оны танып-білу, сақтау және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Share this Post