Студенттеріміз — SafeNet.kz Hackathon жүлдегерлері!
27 қазанда Шымкент қаласындағы Shymkent Hub алаңында өткен SafeNet.kz Hackathon хакатонында Орталық Азия инновациялық университетінің студенттері Belgi жобасымен 3-орынға ие болды.
Belgi — әлеуметтік желілердегі ықтимал алаяқтық схемалардың белгілерін анықтауға арналған цифрлық құрал. Жоба ақылы ұтыс ойындарын, онлайн-казиноның жасырын жарнамасын және қаржы пирамидаларының белгілерін анықтауға көмектеседі.
🔗 Жобамен танысу: https://belgi-kz.pages.dev/
Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!
