Педагогика кафедрасының студенттері — ТМД үздіктері қатарында

Орталық Азия инновациялық университетінің «Педагогика» кафедрасының талантты әрі белсенді білім алушылары — ПМНО 23-1 тобының студенттері Саулебаева Аружан Ержанқызы және Тулегенова Аружан Нұржанқызы Астана қаласында Жаңа Қазақстан ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастырған «ТМД-ның үздік студенті» байқауында жоғары деңгейде өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Білім мен ғылым жолындағы табандылығы, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі және шығармашылық қабілеттері арқылы ерекшеленген білім алушылар арнайы марапатқа ие болып, университетіміздің мәртебесін көтерді.

Бұл жетістік — ізденіс пен еңбектің, мақсатқа деген ұмтылыстың айқын дәлелі. Жас білім алушыларымызға алдағы уақытта да биік белестер мен толағай табыстар тілейміз!

Share this Post