Отырар ауданында 11-сынып оқушылары арасында математика пәнінен олимпиада өтті
Дарынды және пәнге қызығушылығы жоғары оқушыларды анықтау, олардың теориялық білімін тереңдету және ғылыми-зерттеушілік қабілеттерін дамыту мақсатында 2026 жылдың 24-сәуір күні Орталық Азия инновациялық университетінің ұйымдастыруымен Отырар ауданының жалпы білім беретін мектептерінің бітіруші сыныптарының (11-сынып) оқушылары арасында Математика пәні бойынша Олимпиада болып өтті. Олимпиадаға әр мектептен екі оқушыдан, яғни 23 мектептен 46 оқушы қатысты. Өткізілген олимпиада нәтижесінде оқушыларға университеттің 1 жылдық тегін оқу гранттары, 50% және 30% жеңілдіктер қарастырылды және төмендегіше үлестірілді: І орын – Құлтай Әзизбек (М. Әуезов атындағы ЖББМ) ІІ орын – Сәтбай Сейітнур (Сейітжан Құртаев атындағы ЖББМ) ІІІ орын – Әсіл Назгүл (А.Дәрібаев атындағы ЖББМ) Білім додасында бақ сынап, логикалық ойлау қабілеті мен математикалық білімдерін паш еткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Барлық қатысушыға алғыс білдіреміз. Білім жолындағы талпыныстарыңыз ешқашан сөнбесін!