Түркістан облысында мектеп оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру семинары өтті

Түркістан облысы, Жетісай ауданында орналасқан №8 Алпамыс батыр атындағы мектепте жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру семинары ұйымдастырылды. Іс-шараға 13-тен астам мектептің оқушылары қатысты.

Семинар аясында Орталық Азия инновациялық университеті жанындағы Жастар комитетінің төрағасы — Рақатбек Нұржанұлы Карсанбек сөз сөйлеп, қатысушылармен тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шара барысында келесі маңызды тақырыптар кеңінен қамтылды:

Қазіргі заман құндылықтары және олардың тұлғалық дамудағы рөлі;
Дұрыс орта таңдаудың маңыздылығы;
Университеттердің ұсынатын мүмкіндіктері;
Гранттар мен жоғары білім алудың жолдары.

Семинар оқушыларға болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беріп, пайдалы әрі нақты ақпараттар ұсынуға мүмкіндік берді.

Share this Post