Шымкентте ауқымды білім беру жәрмеңкесі өтті

Шымкент қалалық әкімдігінің қолдауымен және Aiman Education ұйымының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 23–24 сәуір күндері Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайында Қазақстанның жоғары оқу орындарының қатысуымен ауқымды білім беру жәрмеңкесі өтті. Іс-шара барысында талапкерлер мен олардың ата-аналары еліміздің жетекші жоғары оқу орындары туралы толық ақпарат алып, білім беру бағдарламаларымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, қатысушылар университет өкілдерімен тікелей байланыс орнатып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Жәрмеңке жастарға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беріп, жоғары білім алу мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға ықпал етті.
Share this Post