«Дәстүрлі оқытудан AI-ға дейін: шетелдік оқытушының университетке сапары»

2026 жылғы 16 сәуірде Орталық Азия инновациялық университетіне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында
Навои мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілінің практикалық курсы» кафедрасының доценті Югай Евгения Викторовна келді.

Іс-сапар барысында қонақ оқытушы университеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамына дәрістер өткізді. Профессор-оқытушылар құрамына арналған «From Traditional Teaching to AI-Enhanced Learning» тақырыбында, ал білім алушыларға «AI in Modern Learning» тақырыбында мазмұнды дәрістер ұсынылды.

Аталған дәрістер 6В01713 – «Шет тілі» (IP), 6В02301 — «Аударма ісі», 6В01705 — «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналды.

Дәріс барысында ағылшын тілін оқытудағы заманауи әдістер, жасанды интеллект мүмкіндіктері және цифрлық технологияларды тиімді қолдану жолдары қарастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Бұл кездесу тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Share this Post