Алғыс хатпен марапатталды

Орталық Азия Инновациялық университетінің бірқатар қызметкерлері еліміз үшін маңызды саяси науқанды жоғары деңгейде ұйымдастыруға және өткізуге белсенді қатысқаны үшін Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбековтің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Атап айтқанда, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Н.Ш. Хайдаров, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы М.А. Жаркинбеков, оқу бөлімінің басшысы М.М. Тунгатаева және Музыка, кәсіптік оқыту және дизайн кафедрасының меңгерушісі Н.А. Жунисова марапат иегерлері атанды.

Марапат иелері азаматтық белсенділіктің жоғары үлгісін көрсетіп, өздерінің біліктілігі мен кәсібилігінің арқасында референдумның сапалы әрі нәтижелі өтуіне зор үлес қосты.

Университет ұжымы әріптестерін құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тілейді.

Share this Post