«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР ЖЫЛЫ- 2026»

Шымкент қаласының делегациясы Астана қаласында өткен «2026 жыл – Халықаралық волонтерлер жылы» аясындағы форумға қатысты.

Аталған форумға Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы Азамат Бұхарбайұлы Парманов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, ОАИУ — нің жастар істері жөніндегі комитет төрағасы Сапарбек Қуанышбекұлы Қойшыбай мен белсенді ерікті жастардан құралған делегация қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.

Форум барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еріктілік қызметтің қоғамдағы маңызына ерекше тоқталып, қатысушыларды құттықтады. Президент өз сөзінде:

«Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, өзгеге үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу. Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтуға әбден болады», – деп, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған белсенді жастарға ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Халықаралық волонтерлер жылын жариялау бастамасының жаһандық деңгейде қолдау тапқанын атап өтіп, еріктілер қозғалысының болашағына сенім білдірді.

Форум аясында бірқатар спикерлердің мазмұнды баяндамалары тыңдалып, волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар ортаға салынды. Ұсынылған бастамалардың алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны айтылды.

Share this Post