“Тәуелсіздік-ұлттың мәңгілік тынысы”

“Орталық Азия иновациялық университетінің” магистр, оқытушысы Бекіш Ботакөз Сәкенқызы жетекшілік ететін Инк 25-1 тобымен желтоқсан айының 12 жұлдызында  “Тәуелсіздік-ұлттың мәңгілік тынысы тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.

Мақсаты:

            1.         Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік тарихын  терең түсіндіру.

            2.         Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елдікке құрмет тәрбиелеу.

            3.         Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыру, ұлттық рухты көтеру.

Шара Мемлекеттік Әнұранмен ашылды. Білім алушылар Тәуелсіздік күнінің тарихына тоқталып, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланғанын айтып өтті.

            •          Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқылды.

            •          Тарихи деректер мен көріністер арқылы ел тәуелсіздігіне жеткізген оқиғалар баяндалды.

            •          «Желтоқсан желі», «Тәуелсіздік қасиет қонған ұлы ұғым» тақырыптарында шағын бейнеролик көрсетілді.

            •          Тәуелсіздіктің 34 жыл ішіндегі белгіленген тарихи даталарына  байланысты викториналық ойын ұсынылды.

Білім алушылар белсенділік танытып, өз ойларын ашық жеткізе алды. Тәуелсіздік туралы білімдері артты, ұлттық сана-сезімдері нығайды. Отанға деген сүйіспеншілігі тереңдеп, рухани-патриоттық сезімі күшейді.

Тәуелсіздік-ұлттың мәңгі тынысы тақырыбындағы ашық кураторлық сағат өз мақсатына толық жетті. Куратор Бекіш Ботакөз Сәкенқызы мен ИНК 25-1 тобының белсенді қатысуының арқасында шара мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Share this Post