“Заң мен тәртіп” бағдарламасы аясында құқықтық диктант өтті
Орталық Азия Инновациялық университетінде “Заң мен тәртіп” бағдарламасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында құқықтық диктант ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың заң саласындағы білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті нығайту болып табылады. Диктант барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы, азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқық негіздері бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз құқықтық білім деңгейін сынады. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандардың құқықтық көзқарасын кеңейтіп, қоғамдағы тәртіп пен әділдік қағидаттарын берік ұстануға ықпал етеді.