Заң мен тәртіп тақырыбы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті
Орталық Азия Инновациялық университетінде заң мен тәртіп тақырыбы аясында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға арнайы шақырылған сала мамандары —
— Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Мақсат Шайманұлы Көшербаев,
— Тұран АПБ ЮПБ полиция капитаны Серікболсын Құрманбеков,
— Еңбекші ауданы прокуратурасының прокуроры Шыңғысхан Кенжебекұлы Мошқалов,
— «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Әлжан Аружан Русланқызы
студенттермен кездесіп, құқықтық сауаттылық, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау бойынша құнды ақпараттармен бөлісті.
Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуге бағытталды.

