Президент Жолдауын түсіндіру: Шымкент жастары Қазақстанның цифрлық болашағын талқылады
2025 жылдың 29 қазанында біздің оқу ордамызда Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған маңызды кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арналған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды терең цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауының негізгі бағыттарын жастар арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау болды.
Кездесу барысында қатысушылар елдің цифрлық дамуының негізгі бағыттарын, жасанды интеллект технологияларын енгізу және пайдалану мүмкіндіктерін, сондай-ақ жастардың құқықтық және әлеуметтік жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Сонымен қатар азаматтық белсенділікті арттыру және жастардың Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, заманауи көзқарас қалыптастыруға және әрбір студенттің ел болашағы үшін өз жауапкершілігін терең түсінуіне мүмкіндік береді.

