Кофені дайындаудың баламалы тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сабағы
025 жылғы 29 қазан күні Орталық Азия инновациялық университетінің (ОАИУ) «Бизнес және туризм» кафедрасының «Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, халықаралық Starbucks кофеханалар желісінің баристасы — Турманов Абдрахман, ОАИУ мен «Парасат» колледжінің «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламаларының 1 және 2-курс студенттері үшін шеберлік сабағын өткізді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар кофені дайындаудың баламалы тәсілдерінің ерекшеліктерімен танысып, сусындардың дәмі мен иісіндегі айырмашылықтарды зерттеді, сондай-ақ кәсіби маманнан пайдалы тәжірибелік кеңестер алды.
Іс-шара халықаралық Starbucks кофеханалар желісінің «Мега Планета» сауда-ойын-сауық орталығындағы филиалында өтті.
Мұндай бастамалар туризм және қонақжайлылық саласының болашақ мамандарының кәсіби құзыреттерін дамытуға және практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
