«Тәрбиелі ұрпақ – Ел тірегі» атты мастер-класс
🗓 14 қазан 2025 жыл
📍 Орталық Азия инновациялық университеті
🧑🏫 Ұйымдастырушы: Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ускенбаева Анар Сапарбайқызы
🗣 Спикер: “INSAN” практикалық психологиялық орталығының меңгерушісі, тәжірибелі психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы
🔹 Бүгін Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер мен жас мамандарға арналған «Тәрбиелі ұрпақ – Ел тірегі» тақырыбында ауқымды әрі мазмұнды мастер-класс өткізілді.
🔸 Іс-шараның басты мақсаты – болашақ педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру, ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды мәселелерге психологиялық тұрғыдан терең үңілу және заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруге бағыттау болды.
🧠 Спикер ретінде шақырылған Салтанат Сайлауқызы жасөспірімдердің мінез-құлқы, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, тәрбие берудегі эмоционалдық тұрақтылық тақырыптарын кеңінен ашып, психологиялық тренингтер мен практикалық жаттығулар жүргізді. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті, нақты жағдайларға қатысты сұрақтарына кәсіби жауаптар алды.
💬 Мастер-класс еркін, ашық диалог түрінде өтті. Студенттер рухани және кәсіби тұрғыда үлкен әсер алып, болашақтағы жұмыс тәжірибесіне пайдалы кеңестер алды.
🔚 Осындай мазмұнды іс-шаралар болашақ педагог мамандардың кәсіби дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
