Ажидинов Акмалдин Сапардинович
Байланыс ақпараты
Ажидинов Акмалдин Сапардинович — техника ғылымдарының кандидаты, профессор, Орталық Азия инновациялық университетінің ректоры. 1963 жылы 3 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Ташкент политехникалық институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша аяқтап, инженер-құрылысшы біліктілігін алды.
1987 жылы Мәскеу қаласындағы Бетон және темірбетон ғылыми-зерттеу институтында аспирантурадан өтіп, 1991 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1990–2000 жылдары ТашЗНИИЭП институтында ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы және жетекші маман қызметтерін атқарды.
2001 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында еңбек етуде. Халықаралық Қазақ-Араб университетінде доцент, декан, оқу ісі жөніндегі проректор; кейіннен «Мирас», ОҚГИ им. М. Сапарбаев, SILK WAY және Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеттерінде проректор және ректор лауазымдарында қызмет етті.
2021 жылдың ақпан айынан бастап — Орталық Азия инновациялық университетінің ректоры.