Анарбек Аружан республикалық психология байқауында ІІ орын иеленді
Орталық Азия инновациялық университетінің 3-курс студенті Анарбек Аружан Дамирқызы
С.М. Жақыповтың 75 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен студенттер арасында психологиялық білімді тексеру мақсатында өткізілген республикалық жарыста ИнК 22-3 тобының студенті Анарбек Аружан Дамирқызы ІІ орын иеленді. Аружан арнайы дипломмен марапатталып, Қазақ психология қауымдастығының мүшесі ретінде куәлікке ие болды.



