ОАИУ-де академик Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Орталық Азиялық Инновациялық Университетте «Қоғам, ғылым және білім беру салаларындағы өзекті мәселелер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара көрнекті педагог, ғалым, спортшы, академик Мардан Баймырзаұлы Сапарбаевтың рухына арналды.
Конференция Unconference форматында ұйымдастырылды. Бұл қатысушылар мен спикерлер арасында еркін пікір алмасуға, жаңа ғылыми идеялар мен бастамаларға жол ашты.
Конференция жұмысына Қазақстанмен қатар, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Корея, Түркия және басқа да елдердің жоғары оқу орындарынан келген ғалымдар, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар мен студенттер қатысты.
Басты спикерлер:
- Елена Меркулова – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей
- Севиль Пириева-Караман – тарих ғылымдарының кандидаты, Анкара университетінің профессоры, Түркия
- Ли Сан Хун – Корея халықаралық сауда қауымдастығының вице-президенті
- Со Вон Енг – «BLE» корпорациясының бас директоры, Корея
- Чо Хен Ен – «BLE» корпорациясының директоры, Корея
- Ким Кен Хо – «e-tov» компаниясының бас директоры
- Өзбекстанның Коканд және Навои университеттерінен келген жетекші ғалымдар
Түйінді нәтижелер: Қонақтар ОАИУ-дың ғылыми зертханалары мен оқу-материалдық базасын аралап, университеттің жетістіктерімен танысты. Конференция аясында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру және академиялық серіктестік орнату туралы ұсыныстар айтылды.
