Шетелдегі біліктілікті арттыру

Орталық Азия инновациялық университетімен Анкара университетінің арасындағы 2021 жылғы ғылым және білім саласындағы келісім шарт негізінде 05.05-16.05.2025жж аралығында шетелдік ғылыми тағылымдамадан университетіміздің магистранттары мен ұстаздары ғылыми тағылымдамадан  өтті.

 Шетелдік ғылыми тағылымдамадан өткен Әбілхайыр Балым, Амирбай Алуа, Зиятбек Назира, ғылыми жетекші ретінде Анкара университетінен Профессор, Ғылым докторы  Назан Тутач ханым тағайындалған.

Ғылыми тағылымдама мақсаты – халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеру, жаңа әдістемелермен танысу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар шетел университетінің құрылымымен және оқу бағдарламаларымен танысу.

Тағылымдама барысында тыңдаушыларға Анкара Университеттің тарихы мен жетістіктері жөнінде қосымша ретінде толық мәлімет берілді, олар оқыту әдістемелері мен инновациялық технологиялар бойынша семинарларға қатысты. Заманауи білім беру трендтері, интерактивті оқыту тәсілдері туралы ақпаратпен танысты. Түрік әріптестермен тәжірибе алмасу біздің тыңдаушыларымыз үшін жаңа идеялар мен көзқарастарды қалыптастыруға ынталандырды.

Нәтижесінде, екі апталық ғылыми тағылымдамадан өткен ұстаздарымыз бен магистранттарымызға Анкара университеті Сертификат табыстады.

Мұндай мүмкіндік беріп, қаржыландырған ОАИУ құрылтайшыларына және ректорлығына тыңдаушылар алығысын білдіреді!

Share this Post