Ақын Құрал Комекпен бірге өткен «Бағдарлы бағдаршам – болашаққа бағыт» атты әдеби-ағартушылық кеші
Орталық Азия Инновациялық университеті мен А.С.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасы бірлесе отырып Халықаралық түркі елдерінің Физули атындағы әдеби сыйлықтың иегері Құрал Көмек ақынмен «Бағдарлы бағдаршам – болашаққа бағыт» атты танымдық әдеби кездесу кеші өтті.
Шараға университеттің профессор-оқытушылары, білім алушылары және №67 негізгі орта мектебінің оқушылары мен кітапханашысы қатысты.
Ақынмен кездесу барысында балаларға арналған «Бағдаршам» атты көркем суретпен безендірілген жыр жинағының бастауыш сынып оқушыларына қаншалықты маңыздылығы біртұтас тәрбие ресурстары тізіміне енгізілгендігі айтылды. Сөз алған профессор Б.Ысқақ Құрал ақынның жеті қырлы, бір сырлы екенін оқиғалар тізбегімен жеткізді. Педагогика және тілдер факультеті “Бастауышты оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығының І курс студенттері ақынның өлеңдерін оқып, бастауыш сынып оқушылары А.Қыдырбай мен Б.Аслан мектеп жайлы әндер орындап, көңілді сергітіп кештің ажарын ашты.