БИЗНЕС-ЖОБАЛАРДЫҢ STARTUP БАЙҚАУЫ
10.04.2025ж. «Менің арманым» жастар бизнес-жобасы шет ел және Қазақстан мен Оңтүстік өңірінің, магистранттар, жоғары оқу орындары мен колледж білім алушылары арасында (стартап) жетінші халықаралық байқауы өз мәресіне жетті.
Сайыстың мақсаты –инновациялық ойларды жандандыру арқылы білім алушыларды бизнеске тарту: білім алушылар арасында инновациялық жобаны анықтау және іріктеу; білім беру ортасында инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.
Байқаудың сараптамалық комиссиясы Алисапар Диас Мухтарұлы (Шымкент қаласының кәсіпкерлерді қолдау Палатасы, шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы), Канлыбаев Мугазан Нурманович «Даму Кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ, Шымкент қаласындағы филиалы директорының м.а., кәсіпкерлер бизнес өкілдерінен құралды.
Газосманпаша университеті (Түркия мемлекеті), Қазақстан Инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (Орал қаласы), Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейі
«Ж. А. Тәшенев» университеті, Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті жалпы 60-тан аса жобалардың арасынан 13 — жоба ақтық межеге қатысты. Екі жоба Шымкент қаласының кәсіпкерлерді қолдау Палатасы, шағын кәсіпкерлікті дамыту бөлімінен 5 миллиондық грантқа ұсынылды. Ең үздік жобалар «ЕҢ ҮЗДІК БИЗНЕС ЖОБА», «ЕҢ ҮЗДІК БОЛАШАҚҚА БАҒДАР ЖОБАСЫ», «ЕҢ ҮЗДІК КӨРЕРМЕНДЕР ТАҢДАУЫ», «МАРКЕТИНГ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП», «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП», «ЕҢ ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК СТАРТАП», «ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК СТАРТАП» номинацияларымен марапатталынды.
