Халықаралық қатысуымен Семинар: CLASSROOM ASSESSMENT
2025 жылғы 10 сәуірде ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық аясында «Тілдер және әдебиет» кафедрасы оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өткізді. Семинарға Югай Евгения Викторовна, PhD, ағылшын тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, Нәуои мемлекеттік педагогикалық университеті Тілдер факультетінің деканы қатысты.
Семинар тақырыбы:
CLASSROOM ASSESSMENT (ағылшын тілінде өтті)
Спикер: Югай Е.В.
Югай Е.В. Өзбекстанның білім беру жүйесіне енгізілген British Council-мен бірлескен бағдарлама негізінде шетел тілін оқыту әдістемесіне арналған оқу материалдарымен бөлісті. Университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы шетел тілін оқытуда құнды, мазмұнды және тәжірибеге негізделген білім алды. Бұл оқытушылардың белсенді қатысуы мен семинар барысындағы қызу пікірталастан айқын көрінді.

