Науаи атындағы мемлекеттік тау-кен-технологиялық университетімен меморандумға қол қойылды

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Орталық Азия Инновациялық университетінің  профессоры, химия ғылымдарының кандидаты Жаналиева Рашида Нартайқызы  Науаи атындағы мемлекеттік тау-кен-технологиялық университетінде (Өзбекстан Республикасы) теориялық білім мен оқыту әдістемесін жетілдіру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тәжірибе алмасу мақсатында 96 сағат көлемінде ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан (онлайн, офлайн) өтті. Аталған университеттің  «Материалтану», «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» бакалавриат бағдарламалары бойынша студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша «Жалпы және бейорганикалық химия» және «Химия» пәндері бойынша қонақтық дәрістер (офлайн формат) жүргізді.

Осы шара барысында, Орталық Азия инновациялық университеті  мен Науаи атындағы мемлекеттік тау-кен технологиялық университеті арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты  — білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықты дамыту және екі тарап арасындағы өзара түсіністікке жәрдемдесу болып табылады.

Сонымен бірге сапар барысында, 13 ақпанда Науаи қаласында  облыстық семинар өтті. Пленарлық отырыста әлемге әйгілі әйел ғалымдар, Қазақстан мен Өзбекстанның әйел ғалымдары туралы баяндама оқыды.

Сонымен бірге, Науаи атындағы мемлекеттік тау-кен-технологиялық университетінің кітапханасына орыс тіліндегі «Бейорганикалық химияның теориясы мен заңдары» оқулығын сыйға тартты.

Share this Post