Құқық олимпиадасы — жастардың құқықтық сауаттылығына қадам

20 ақпан 2025 жылы Орталық Азия инновациялық университеті мен «Parasat AJ» жеке меншік мектебінің ұйымдастыруымен Мардан Сапарбаев институтының 30-жылдық мерейтойы қарсаңында «Құқық негіздері» пәні бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әр бір азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттерін айқындап меңгеру мақсатында өткізілді.