Фристайл-акробатика бойынша аралас эстафетаның күміс жүлдегері!

Біздің университеттің студенті Хаширбаев Шерзод Дильмуратович Қазақстан құрамасының сапында Қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатика бойынша аралас командалық эстафетада күміс медаль жеңіп алды!

Спортшыларымыз жоғары шеберлікті, тамаша техниканы және үйлесімді командалық жұмысты көрсете отырып, тек жарыс чемпионы атанған Қытай құрамасына жол берді.

Шерзодты және бүкіл команданы осы керемет жетістігімен құттықтаймыз! 🎉🔥 Қазақстан сендермен мақтанады! 💙💛

Share this Post