«Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды!

Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушылары Қамбаров Б.Қ. және э.ғ.к. Иманбаев А.А. тарапынан университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды.

Бұл бастама, қазіргі таңда тұрғын халқымыздың қаржылық мәмілелерде ақшалай жоғалтулар мен көбейіп кеткен алаяқтардың тірліктеріне алданбаудың алдын алу бағытында, тұрғындар мен білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру қажеттілігінен туындап отыр.

Курсты оқытудың мақсаты — студенттердің жеке қаржысына қатысты шешім қабылдау кезінде ұтымды қаржылық мінез-құлықты, сондай-ақ қаржылық қызметтерді, соның ішінде цифрлық технологияларды тұтынушылар ретінде пайдалану арқылы олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты процестерді сыни тұрғыдан бағалау және талдау қабілетін дамыту болып табылады.

Аталған курсты оқытуда келесідей міндеттемелер қарастырылады:

— кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру негіздері туралы жүйелі білімді қалыптастыру;

— кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұйымдастырушылық-басқарушылық дағдылары мен жауапкершілігі туралы білімді қалыптастыру;

-қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, ұтымды қаржылық шешімдер қабылдауды білу;

-туындайтын қаржылық мәселелерді шешуге және қаржылық алаяқтықты жедел тану;

— тұтынушылар ретінде цифрлық технологияларды пайдалану кезінде құқықтары мен мүдделерін қорғай білу;

-кәсіпкерлік қызметті басқару жүйесін білу.

Бастапқы 1- дәрісті «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Қамбаров Бақытжан Куралович 25-қыркүйекте «Қаржылық сауаттылық  түсінігі мен есеп-айрысу мен төлемдер» тақырыбында бастады. Дәріске университетіміздің ЮРк-24-1һ, ЦЮк-24-1һ, ДЗОк-24-1һ және ДЗАк-24-1һ топтарының білім алушылары қатысты.

Дәріс барысында білім алушылар, қаржылық сауаттылықтың рөлі мен маңыздылығы, жеке бюджеті ұтымды басқаруға және сақтандыру, сондай-ақ банктің қаржылық қызметтерді жүргізуге мүмкіндік беретін білім мен дағдыларын меңгеруді үйретті. Соңынан, білім алушылармен қолма-қол ақшасыз қозғалысын қалай басқаруға болатындығы, төлемдер мен аударымдар кезінде қолма-қол ақшасыз есеп айрысу түрлерін жүргізу бойынша пікір-талас жүргізді.

ІІ-дәріс. «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Жеке табыстар мен салық салу мәселелері» тақырыбында сабақ

Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Қамбаров Б.Қ. университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға 13-қараша күні «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Жеке табыстар мен салық салу мәселелері» тақырыбында сабақ жүргізді.

Сабақ мақсаты – білім алушыларға жеке табыстар табу мен оларға салынатын салықтардың маңыздылығын үйрету.

Аталған тақырыпты оқытуда келесідей міндеттемелер қарастырылды:

  • салықты не үшін төлеу керек екенін және төлемеу салдарын түсіндіру;
  • тауарлар мен қызметтер бағасының өсуінің негізгі себептерін талқылау;
  • эмоционалды сатып алуларды анықтау;
  • неғұрлым тиімді несие және сақтандыру шарттарын анықтау;
  • ақшаны тиімді басқару;
  • жеке кәсіп ашу мағыздылығы.

Соңынан, білім алушылармен сабақты қорытындылау жүргізіп:

— жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктері;

— жеке  табыс салығын төлеушілер және салық салу мөлшерлемесін анықтау;

-жеке табыс салығын есептеу және төлеу  тәртібі  төңірегінде білім алушылардың білімдерін нығайтты.

ІІІ-дәріс. «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Банктертік қызметтердің түрлері» тақырыбында сабақ

Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Қамбаров Б.Қ. университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға 20-қарашада «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Банктертік қызметтердің түрлері» тақырыбында сабақ жүргізді.

Сабақ мақсаты – білім алушыларға ҚР банктер жүйесі және банктік операциялар бойынша негізгі ұғымдар мен олардың жүргізілу маңыздылығын үйрету.

Аталған тақырыпты оқытуда келесідей міндеттемелер қарастырылды:

  • ҚР банктер жүйесі және олардың буындарын түсіндіру;
  • банктік операциялар бойынша негізгі ұғымдарын талқылау;
  • банктік активті және пассивті операцияларының маңыздылығын анықтау;
  • неғұрлым тиімді несие және сақтандыру шарттарын анықтау;
  • сақтандыру маңыздылығы мен сақтандыру нарықтарын түсіндіру;
  • қазіргі таңдағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мағыздылығын түсіндіру.

Соңынан, білім алушылармен сабақты қорытындылау жүргізіп:

— ҚР банктер жүйесі және олардың буындары Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер қызметтері айырмашылықтарын талдау;

— банктік активті және пассивті операцияларының айырмашылықтарын анықтау;

-сақтандыру нарықтары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі төңірегінде білім алушылардың білімдерін нығайтты.

IV-дәріс. «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Қаржылық қор нарықтары мен инвестиция» тақырыбында сабақ

Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Иманбаев Алий Асанович университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға 27-қарашада «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Қаржылық қор нарықтары мен инвестиция» тақырыбында сабақ жүргізді.

Сабақ мақсаты – білім алушыларға қаржылық қор нарықтары, құрылымы және оларға қатысушы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ құнды қағаздар түрлерімен инвестициялар жасау маңыздылығын үйрету.

Аталған тақырыпты оқытуда келесідей міндеттемелер қарастырылды:

  • қаржылық қор нарықтары, құрылымын түсіндіру;
  • қор нарықтары мен оларға қатысушы субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін;
  • құнды қағаздар түрлері және олармен операциялар жүргізу;
  • неғұрлым тиімді несие және сақтандыру шарттарын анықтау;
  • құнды қағаздар түрлерімен инвестициялар жасау маңыздылығын түсіндіру.

Соңынан, білім алушылармен сабақты қорытындылау жүргізіп:

— ҚР қаржылық қор нарықтары және олардың буындары қызметтерін талдау;

— банктердің қор нарығындағы операцияларының маңыздылықтары;

— құнды қағаздар түрлерімен инвестициялар жасау маңыздылығы төңірегінде білім алушылардың білімдерін нығайтты.

V-дәріс. «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Жеке кәсіпкерлік және стартап жобалар» тақырыбында сабақ

Орталық Азия инновациялық университетінде «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Иманбаев Алий Асанович университетіміздің барлық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын білім алушыларға 4-желтоқсанда «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы бойынша «Жеке кәсіпкерлік және стартап жобалар» тақырыбында сабақ жүргізді.

Сабақ мақсаты – білім алушыларға жеке кәсіпкерлік және стартап жобалар жүргізудің қазіргі таңдағы маңыздылығын үйрету.

Аталған тақырыпты оқытуда келесідей міндеттемелер қарастырылды:

  • жеке кәсіпкерлік және стартап жобалар маңыздылығын түсіндіру;
  • кәсіпкерлікті несиелеу мәні мен кәсіпорынды қаржыландыру көздері;
  • жеке кәсіпкерлік бонкроттығы мен қаржылық алаяқтардан сақтану;
  • тұтынушылардың қаржылық құқықтарының шарттарын анықтау;
  • Қаржылық пирамидалар мен сауатсыздықтың салдарының маңыздылығын түсіндіру.

Соңынан, білім алушылармен сабақты қорытындылау жүргізіп:

— ҚР-да жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдаяттары мен стартап жобаларды жасау қажеттілігі;

— кәсіпкерлікті несиелеу мен кәсіпорынды қаржыландыру көздерін таңдау;

— қаржылық пирамидалар мен сауатсыздықтың салдары төңірегінде білім алушылардың білімдерін нығайтты.

VI-дәріс. Қаржылық сауаттылық түсінігі және есеп айырысу мен төлемдері


Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өзара оқытушы тәжірибелерімен алмасу

Орталық Азия инновациялық университеті мен Өзбекстан Республикасы «Ипак йули инновациялар» университеті арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім шарт негізінде оқытушылардың кәсіби, мәдени және білім деңгейін арттыру, сондай-ақ интеграциялық байланыс орнату мақсатында, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 02.12.2024 – 06.12.2024 ж. күндері аралығында «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. Иманбаев Алий Асанович аталған «Ипак йули инновациялар» университетінде экономикалық пәндерден лекция оқып қайтты. «Ипак йули инновациялар» университеті Өзбекстан Республикасы, Алмалық қаласында орналасқан, өз елінде білім нарығында орнықты орын алған білім ордасы болып табылады.

Дәріс сабақтар экономикалық пәндер циклы бойынша, атап айтқанда «Микроэкономика» және «Макроэкономика» пәндері бойынша  18 сағат 6В04105-Экономика, 6В04132- Мемлекеттік және жергілікті басқару ББ бойынша білім алушыларға арналды.

 

Share this Post