Университетте білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кездесу өтті
Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласының құқық қорғау органдары мен спорт саласының өкілдері университетімізде студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Іс-шараға Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Жұмабек Сүндет Қайратұлы, Шымкент қаласындағы бокс клубының директоры Орақбаев Қанат, қала прокурорының аға көмекшісі Тембаев Алмас Қонысбекұлы және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Нұрсейітов Құдияр Асатұлаұлы қатысты.
Кездесу барысында жастар арасында қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызы, құқықтық сауаттылықты арттыру жолдары және спорттың жастар тәрбиесіндегі рөлі талқыланды. Қонақтар студенттерге құқықтық нормаларды сақтау, қоғамдағы заңдылық пен тәртіптің маңыздылығы туралы жан-жақты түсіндіріп, құқықтық сауаттылықты арттырудың нақты жолдарын көрсетті.
Сонымен қатар, студенттер қылмыстық құқық бұзушылықтың салдары және одан аулақ болудың әдістері туралы нақты мысалдар арқылы ақпарат алды. Спорт клубының директоры Қанат Орақбаев жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және дене тәрбиесі арқылы қоғамда өз орнын табу маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның соңында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан кәсіби кеңестер алды. Осындай шаралар жастардың құқықтық сауатын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға зор ықпал етеді.
Университетіміз жастар тәрбиесіне бағытталған мұндай маңызды кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастыруды жалғастыра бермек.