ОАИУ-де «Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар» тақырыбында оқу-жаттығу өтті
ОАИУ-де Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жоспары аясында “Жер сілкінісі салдарынан туындаған төтенше жағдайлар” тақырыбында оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғи апаттардың салдарын жоюға дайындық деңгейін арттыру, қызметкерлер мен студенттерді дұрыс әрекет етуге үйрету, сондай-ақ шұғыл қызметтердің өзара әрекеттесуін жетілдіру болды.
Жаттығу барысында қатысушылар жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін пысықтап, эвакуация шараларын орындады. Сонымен қатар, апат салдарын жою және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша іс-әрекеттер ұйымдастырылды. Іс-шара нәтижесінде қатысушылардың төтенше жағдайларға дайындығы мен үйлесімділігі жоғары деңгейде көрсетілді.