Шетелдік ғалымның сапары

Оқу орнымыз  академиялық ұтқырлықты дамытуға және үздік шетелдік және отандық ғалымдарды тартуға баса назар аударады, басқа жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары мен шетелдік оқытушылардың шақыруы бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл тәжірибе алмасу, заманауи, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудағы кәсіби мәселелерді шешуге, ғылыми-зерттеу және ғылыми қызметтегі басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Аталған мақсатта 11.11 -15.11. 2024 ж. күндері аралығында  оқу орнымызға Түркия мемлекеті, Анкара университетінен Ph.D. Akın USUPBEYLİ келіп,   «Экономика және басқару» кафедрасында профессор-оқытушылар құрамымен   және  білім алушылардың қатысуымен дәріс жүргізді.  «Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары», «Инфляцияның  экономикалық және әлеуметтік салдары», «Тауар нарығындағы тұтынушылардың іс-әрекеті», «Халықаралық сауда және саудалық саясат» және т.б. тақырыптарында жүргізілген ауқымды дәріс және семинарлық сабақтар барысында мемлекетаралық қатынастар, дамудың қазіргі тенденциялары,   бизнес пен басқарудың өзекті мәселелері, ұлттық экономика секторларын дамыту тетіктері  қамтылды.

Мұндай  халықаралық байланыс заманауи ғылыми дамудың қажетті элементі болып табылады, ал халықаралық байланыстардың кеңдігі бәсекеге қабілетті маман дайындауда кәсіби деңгейін арттырудың маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Алдағы уақытта да ғылыми-зерттеу, жобалау және білім беру қызметінде ынтымақтастықты жалғастыру  жоспарлануда.

Share this Post