Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» атты тақырыбында үш күндік әдістемелік семинар басталды.

Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен » Инклюзивті білім беру-өмір қажеттілігі» тақырыбында 3 күндік әдістемелік семинар жоспарлануда.
07.11.24 ж мерзімінде жоспарланған «Инклюзивті білім берудің маңызы» тақырыбында 1 ші күннің семинары өтілді. Модератор магистр оқытушы Есмуратова Ұ.А., Шымкент қаласы «№4 психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен
педагог-психолог маманы Дилдабекова Ақерке Жаңабекқызы, сурдопедагог маманы Әлсейіт Әйгерім Мамырқызы құнды ақпараттармен өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар сабақтың мақсаты Инклюзивті білім берудің маңыздылығын көрсету және студенттерді ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуге даярлау болып табылады.
Бірлесіп жұмыс істей отырып, инклюзивті орта құруға бағытталған қадамдарымыз маңызды болар.

Share this Post