Бухгалтерлер апталығының аясында «Бизнес және туризм» кафедрасы «ҚР бухгалтерлерді сертификаттау жүйесі» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.

      Бухгалтерлер апталығының аясында «Бизнес және туризм» кафедрасы «Есеп және аудит» БББ 3,4 курс студенттері  үшін «ҚР бухгалтерлерді сертификаттау жүйесі» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрісті «Бухгалтерлер ассоцияациясы» КБҰ директоры Асанбекова С.Н. өткізді. Дәріс барысынды ол есеп және аудит саласы мамандарына сұраныстың жылдан жылға артып келе жатқандығы туралы айтын өтті. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында бәсекеге қабілетті, экономиканы жан-жақты білетін, өз білімін тұрақты түрде жетілдіріп отыратын мамандар болу керектігін, және уақыт талабына сай керекті емтихандарды тапсырып сертификат алу керектігін атап өтті.  Бұл олардың жоғары еңбекақы алуына мүмкіндік береді деп атап көрсетті.

Share this Post