Суретші Аблаев Әлімжан Бейсенұлының жеке көрмесінің ашылу салтанаты

13.09.2024ж күні 6В042103 – Дизайн білім беру бағдарламасының білім алушылары аға оқытушы К.Е.Жүзеевамен Шымкент қалалық көркемсурет галереясында өткен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалының иегері, бейнелеу өнерінің түрлі салаларында шығармашылық жұмыстар атқарып жүрген суретші Аблаев Әлімжан Бейсенұлының жеке көрмесінің ашылу салтанатына барды.

Ашылу салтанатында қаламыздағы басқа да жоғары оқу орындарынан білім алушылар мен профессор-оқытушылармен қатар өнер саласында жүрген майталман өнер шеберлері және өнертану ғылымының ғалымдары да болды.

Студенттер өнертану саласында еңбегі сіңген ғалым, п.ғ.д.,профессор Қ.Ералинмен бірге

Көрмеге Әлімжан Бейсенұлының түрлі жанрдағы кескіндеме және графикалық жұмыстары және мүсіндер қойылған.

Біздің білім алушылар дизайнның әртүрлі салаларында – сәулет, сән өнерінде жаңа технологиялармен, әдістермен және идеялармен танысуға мүмкіндік алды. Олар шығармашылық әлеміндегі оқиғалардан хабардар болуға және кәсіби дамуға көмектесетін соңғы тенденциялар мен инновациялар туралы білуге мүмкіндік алды.

Share this Post