Алғашқы күніміз жағымды жаңалықпен басталды

Бүгін Орталық Азия Инновациялық университетінің бірінші проректоры А.С.Ажидинов қазақ спортына елеулі үлесін қосып жүрген жас спортшыларымызды қабылдады.
Арнайы проректордың қабылдауында болған 2- курстағы білім алушыларымыз 15 – 25 тамызда Молдовада өткен АРМРЕСТЛИНГтен 45 – әлем чемпионатында жастар арасында 80 келі салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ – орын иеленген ЕРМАХАН ПОЛАТ пен ересектер арасында 70 кг салмақ дәрежесінде жүлделі ІІ орынды иеленген БАСЫМБЕК НҰРБОЛАТ марапатталды. Кездесу барысында Акмалдин Сапардинұлы «Дене шынықтыру және спорт» БББ-ның студенттеріне жеңіс тілеп, бірінші кезекте оқуды қою керектігін айтып кетті.

Share this Post