Су тасқыннан зардап шеккен батыс өңірінің халқына ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ұжымының атынан құрылыс құралдары, жатын орындар ,азық-түлік пен гигиеналық заттардан тұратын гуманитарлық көмек жіберілді.
Біз біріксек, алынбайтын қамал жоқ. Күшіміз бірлікте. Осындай қиын-қыстау кезде бір — бірімізге қолдау көрсетіп, демеп отыруымыз керек. Бір ел — бір халық болып жұмылып, бұл апатты жеңеміз. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын!
Еліміздің көп бөлігін су басып, халқымыз қиналып жатқанда, Шымкент қаласындағы бірнеше жоғарғы оқу орындары бей-жай қарамай, қолынан келген көмек қолын созуға күшін біріктірді.
Ел басына күн туғанда бірлігімізді көрсетіп, бүгін Шымкент қаласының бірнеше университеттері атынан Батыс өңірлеріне гуманитарлық көмек тиелген автокөліктерді жібердік.