Шымкент қаласы Жоғары оқу орындары арасында ОАИУ-ті “Құқық” кафедрасының ұйымдастыруымен “Жаңа Қазақстан студенттердің көзімен” атты тақырыпта Конституциялық құқық пәнінен Олимпиада өтті. Олимпиада 4 турдан тұрды:таныстыру, презентация қорғау, тест сұрақтары,ситуациялық кейс. Әділ қазылар ретінде құқық қорғау органдары қызметкерлері болды. Олимпиадаға 4 команда қатысып, 1 орын М.Әуезов ОҚУ-нің “Әділет” командасы🥇🏆,2-ші орын ОАУ-нің “Мардан қырандары” командасы🥈, 3-ші орын Мирас университетінің “Адалдық” командасы иеленді🥉, ал Қуатбеков атындағы ХДУ “Жастис файв” командасына сертификат табысталды. Жетекшілерге алғыс хаттар берілді. Жеңімпаз командаларды құттықтаймыз💐💐💐